19 қыркүйек 2014 14:34

Шотландиядағы референдумның нәтижесі белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шотландиядағы референдумның түпкілікті нәтижелері жарияланды, респонденттердің көпшілігі аймақтың Ұлыбританиядан тәуелсіздік алуы туралы идеяны қолдамады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Шотландиядағы референдумның түпкілікті нәтижелері жарияланды, респонденттердің көпшілігі аймақтың Ұлыбританиядан тәуелсіздік алуы туралы идеяны қолдамады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дауыстарды есептеудің нәтижесінде аймақ тұрғындарының 55,3 пайызының (2 001 926 адам) бірлікті сақтауды жақтағаны, ал 44,4 пайызының (1 617 989 адам) қарсы болғаны анықталды. Бұған дейін Exit Pool мәліметтері бойынша Шотландияның Ұлыбритания құрамында қалғысы келетіні анықталғаны хабарланған болатын. Тәуелсіз сауалнаманың нәтижесіне қарағанда, референдумда Ұлыбританияның тұтастығын қолдаушылар жеңіске жетуі мүмкін. Ұлыбританияның қазіргі шекарасының тұтастығын сақтауды респонденттердің 53 пайызы қолдап, 47 пайызы қарсы болып отыр.

Еске сала кетейік, Шотландияда референдум 18 қыркүйек күні өтті. Аймақ тұрғындары Шотландияның Біріккен Корольдік құрамында қалуын немесе тәуелсіз мемлекет болуын шешті. Шотландия тұрғындарының басым көпшілігі тәуелсіздікті қолдайтынын айтып жауап берген болса, онда 2016 жылдың 24 наурызында Шотландия Біріккен Корольдік құрамынан бөлінетін еді. Референдумның басты қозғаушы күші ұлтшылдар болды, олар көмірсутек өндірісі және барлық салықты жергілікті бюджетке аудару есебінен аймақты гүлдендіруге уәде етті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети