25 қараша 2015 11:11

Сириядағы Су-24 құлатылған аймақта ресейлік тікұшақ жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter © Twitter

Сирияда Су-24 ұшағы құлатылған жерде Ми-8 тікұшағы жойылды, бір жауынгер қаза тапты. Бұл туралы Ресей Қорғаныс күшері Бас штабының Бас жедел басқармасы басшысы, генерал-лейтенант Сергей Рудской РФ Қорғаныс министрлігінің YouTube сайтындағы каналына жариялаған видеосында айтты.


Сирияда Су-24 ұшағы құлатылған жерде Ми-8 тікұшағы жойылды, бір жауынгер қаза тапты. Бұл туралы Ресей Қорғаныс күшері Бас штабының Бас жедел басқармасы басшысы, генерал-лейтенант Сергей Рудской РФ Қорғаныс министрлігінің YouTube сайтындағы каналына жариялаған видеосында айтты.

Осы оқиғаға байланысты Ресей авиациялық базасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бас штаб Жерорта теңізінің жағалауына "Форт" ӘҚҚ жүйесіне негізделген "Мәскеу" крейсерін бағыттайды. Ведомство потенциалды қауіп төндіретін кез келген нысананы жоятынын хабарлады. Сонымен қатар, Ресейдің соққы беретін авиациясының барлық әрекеті "жойғыш ұшақтардың қорғауында" жүзеге асады.

Ресей Қарулы күштері Бас штабы өкілінің сөзін толықтай келтіреміз:

"Бүгін Мәскеу уақытымен сағат 10.24-те Сирия аумағында әскери тапсырмамен ұшу кезінде Түркия Қарулы күштерінің F-16 жойғышымен ресейлік Су-24М бомбалаушысының көзі жойылды. Болжам бойынша, ұшақ жақын радиустағы зымыранның әрекетінен жойылды.

Түркия тарапынан біздің экипажбен объективті бақылау құралдары арқылы байланысу тіркелген жоқ.

Су-24М ұшағына зымыранның тиюі Сирия аумағында болды. Ұшақтың құлаған жері шекарадан төрт шақырым қашықтықта, Сирия аумағында жатыр. Ұшақтың экипажы мүшелері секіріп үлгерді. Болжам бойынша, бір ұшқыш әуеде өртеніп кеткен. Объективті бақылаудың нақты мәліметтері бойынша, біздің ұшақ Түркия шекарасын кесіп өткен жоқ. Мұны Сирияның ӘҚҚ мәліметтері растайды.

Сонымен қатар, Хмеймим аэродромының барлау қызметінің мәліметтері Түркия Әскери әуе күші ұшағының Сирия әуе кеңістігінің қорғанысын бұзғанын дәлелдеді.

Бұл дерек АҚШ бекіткен және Түркияны қосып есептегенде бүкіл ел мақұлдаған Сирия республикасында ұшқыштардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету меморандумын тікелей бұзу болып есептеледі. 

Осымен байланысты Түркия Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігімен тәртіпті түрде келісімге келудің орнына НАТО-дан жедел кеңес ала бастады. Ресей Федерациясы түркиялық әскери атташесіне Түркия Әскеи әуе күшінің әрекетіне наразылық танытады. 

Айта кету керек, біз операцияны бастағаннан бері РФ қорғанысы Ұлттық басқару орталығы және Түркия Қорғаныс министрлігі арасында тікелей телефон байланысын орнаттық, дегенмен түркиялық тараптың кінәсінен ол ешқандай пайда әкелген жоқ.

Ресейлік ұшқыштарды эвакуациялау мақсатында екі Ми-8 тікұшағын тарту арқылы іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді. Операция кезінде ату құралының оғынан бір тікұшаққа зақым келіп, бейтарап аймаққа шұғыл қону керек болған. Салдарынан бір жауынгер қаза тапты.

Жеке құрамның іздеу-құтқару әрекеттерінен кейін тікұшақтың экипажы эвакуацияланды, қазір ол авиациялық "Хмеймим" базасында. Тікұшақ миномет оғынан жойылды.

Ресейлік бомбалаушының экипажындағыларды іздеу және құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кеткім келеді, ресейлік авиацияның әрекет ету аймағында біздің мәліметімізше, Солтүстік Кавказдан 1000-нан аса содырды бомбалауды жою үшін сириялық үкіметтік әскердің операциясы жүріп жатыр.

Назарларыңызға саламын, ДАИШ-қа қарсы әрекет етіп жатқан елдер мен біздің серіктестеріміз бұл аймақта "өлген оппозиция" атты бөлімшенің бар екенін, ол жерге соққы жасамау керегін айтқан жоқ. Керісінше, бұл аумақ радикалды бомбалаушылар ретінде танымал.

Бас штаб қазір Ресей авиация базасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар әзірлеп жатыр. Бірінші: Барлық әуе соққысы тек жойғыш ұшақтардың қорғауымен ғана жүзеге асырылады. Екінші: Әуеге қарсы қорғанысты күшейту шаралары жүргізіледі. Осы мақсатта "Форт" ӘҚҚ жүйесіне негізделген С-300 аналогы - "Мәскеу" крейсері Латакияның жағалау бөлігіне орналастырылады. Үшінші: Түркиялық желімен байланыс тоқтатылады".

Сонымен қатар, Интернетте Ми-8 ұшағын жойған сәт түсірілген делінген видео жарияланды. RT телеарнасының мәліметінше, тікұшақ америкалық өндірістің зымыранымен жойылған.

Еске сала кетейік, 24 қарашада Түркияның әскери әуе қорғанысы Сирия-Түркия шекарасының аймағында ресейлік Су-24 бомбалаушысын жойып жіберген болатын. Ресей ұшақтың Сирия аумағымен ұшқанын айтса, Анкара Су-24 ұшағының Түркия әуе кеңістігінің қорғанысын бұзғанын алға тартты. Ұшақ Сирияның Латакия провинциясына құлаған. Бұған дейін түркиялық тарап Ресейге Сирияға жүргізілетін әскери операциялар кезінде әуе кеңістігін бұзбауды ескерткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети