02 наурыз 2014 18:53

Софияда вандалдар Кеңес әскері ескерткішін тағы қорлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Itar-tass.com ©Itar-tass.com

Болгария астанасы Софияда вандалдар Кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішті тағы да қорлады деп хабарлайды Tengrinews.kz "ИТАР-ТАСС"-қа сілтеме жасап. Ескерткіштің естелік жазбасын әлдекімдер қызыл сырмен сызғылап тастаған. Бір апта бұрын бұл монументті бұзақылар әлем-жәлем етіп бояп кеткен болатын. Оны "Болгария - Ресей" қоғамдық форумының мүшелері тазалады. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі бұл жайтқа байланысты наразылық білдірген еді. "Ресей жұрты 23 ақпанға қараған түні Болгария астанасы Софияның орталығындағы Кеңес әскеріне арналған ескерткішке вандализм әрекетінің жасалуын қатты ашу-ыза сезімімен қабылдады", - деп мәлімдеді РФ Сыртқы істер министрлігінің өкілдері. Осыған байланысты Болгария Сыртқы істер министрлігіне оқиғаны мұқият тексеру жөнінде наразылық нотасы жолданды. Софиядағы бұл ескерткіш 1954 жылы тұрғызылған. Ол вандалдардың әрекетінен 2011 жылдан бері бір емес, бірнеше рет жапа шекті. Ал 23 ақпан күні вандалдар бояп тастаған жауынгерлер мүсінін Euronews телеарнасы өзінің Facebook-тегі аккаунтының мұқабасына орналастырған болатын. РФ Сыртқы істер министрлігінің наразылығынан соң әлгі сурет алып тасталды. Саяси дағдарыс басталғалы бері Украинада да Кеңес Одағына қатысы бар ескерткіштер, соның ішінде, Ұлы Отан соғысы батырларына арналған мемориалдар да вандалдардың қорлығын көрді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети