22 қазан 2015 22:31

Соңғы қашқын экстремист Бішкекте атыс ұйымдастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zanoza.kg © zanoza.kg

Бішкектің солтүстік-батысында қашқын экстремист Алтынбек Итибаевты ұстау бойынша арнайы операция өтіп жатыр, - деп хабарлайды "АКИpress". Экстремист 12 қазанда колониядан қашып кеткендердің соңғысы.


Бішкектің солтүстік-батысында қашқын экстремист Алтынбек Итибаевты ұстау бойынша арнайы операция өтіп жатыр, - деп хабарлайды "АКИpress". Экстремист 12 қазанда колониядан қашып кеткендердің соңғысы.

Атыстың 19.00-де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері Итибаев жасырынып жатыр делінген "Достук" тұрғын үй массивін тексерген кезде басталғаны белгілі. Экстремист құқыққорғаушыларға қарата оқ атқан, оның қолында Калашников автоматы болды делінеді. Милиция территорияны қоршауға алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Итибаев қарсылық көрсетіп жатқан үйде оның әйелі, сонымен қатар оның экстремистік көзқарастарын жақтаушы адамы бар. Мұнымен бірге, арнайы қызметтің бір жауынгерінің жарақат алғаны туралы мәлімет бар. 

Осыған дейін Қырғызстанның Шу облысы Аламүдін ауданында қашқын экстремистердің бірі Еділ Әбдірахманов ұсталған болатын. Әбдірахмановты ұстау кезінде одан қару табылды. Бірақ ол қаруын қолданып үлгерген жоқ, Қырғызстанның Шу аудандық ІІБ қызметкерлері оны байлап тастады.

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған. Айта кетейік, түрмеден қашып, артынша ұсталған бесеудің үшеуі түрмеде қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети