18 қараша 2015 12:51

"Стад де Франс" стадионының маңында "өлім белбеуін" таққан әйелдің көзі жойылды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Париж қаласының шетіндегі "Стад де Франс" стадионының маңында арнайы операция барысында лаңкес болуы мүмкін делінген екі адамды өлтірді, - деп хабарлайды жергілікті RTL радиостанциясы. Француз тілшілерінің мәліметінше, өлтірілгендердің ішінде жарылғыш заты бар "өлім белбеуін" таққан әйел де болуы мүмкін, ол жарылғыш затты іске қосып үлгерген.

Операция Париждің маңындағы Сен-Дениде жергілікті уақыт бойынша, 4.25-тен бастап жүргізілді. БАҚ мәліметінше, арнайы операцияның мақсаты 13 қарашада Париждегі терактіні ұйымдастырды делінген Абдельхамид Абауд. Арнайы операция кезінде үш полицей жарақат алды. Осыған дейін полиция арнайы операция кезінде Париждегі тарактілерге қатысы бар делінген үш күдіктіні ұстағаны хабарланған еді. RTL радиостанциясы тілшілері арнайы операция орнында атыстың жалғасып жатқанын, жарылыстардың естілгенін хабарлап жатыр. 

Еске сала кетейік, 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды. Соңғы дерек бойынша, 129 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды. Жеті лаңкестің көзі жойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети