12 қараша 2021 | 13:17

Тәліптер Кабулдағы кинотеатрларды жауып тастады - БАҚ

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Ауғанстанда билікке келген "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Кабулда бірнеше жыл бойы жұмыс істеген "Ариана" тарихи кинотеатрын жабуға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Los Angeles Times сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Басылымның мәліметінше, тәліптер үнді, еуропалық және америкалық фильмдер көрсетілген кинотеатрлардың жұмысы шариғат ережелеріне қайшы деген қорытындыға келген.

Кинотеатр қызметкерлері қайта ашады деп үміттеніп, жұмысқа шығып жүр, бірақ олар ойын-сауық фильмдерін көрсетуге рұқсат бермейді деп ойлайды. Қозғалыс өкілдері қаланың бірнеше басқа кинотеатрларын да жауып тастағаны атап өтілді.

Реклама
Реклама

Бұған дейін "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда шетел валютасын пайдалануға тыйым салған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram