24 мамыр 2014 09:27

Тарантино "Азат етілген Джанго" фильмін өзгеріске түсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Азат етілген Джанго" фильмінен "Азат етілген Джанго" фильмінен

 Американдық режиссер Квентин Тарантино Канн кино фестивалінде көпшілікке өзінің "Азат етілген Джанго" филімін өзгеріске түсіретінін мәлім етті. Бұл туралы РИА Новости хабарлап отыр.


 Американдық режиссер Квентин Тарантино Канн кино фестивалінде көпшілікке өзінің "Азат етілген Джанго" филімін өзгеріске түсіретінін мәлім етті. Бұл туралы РИА Новости хабарлап отыр.

Тарантиноның айтуынша, оның қолында фильмнің әлі ешкім көріп үлгермеген 90 минуттық материалы бар. Ол өзінің төрт сағаттық фильмнің серияларын жинақтап АҚШ- тың кабелді телевидениесінен көрсетілетін кішігірім сериал жасап шығаруды ұйғарып отыр .
"Төрт сағаттық фильмді көруге адамдардың көздері шыдамайды. Ал бір сағатқа ыңқшамдалған  төрт серияны көру барлығына ыңғайлы. Олар фильмнің төрт бөлігін емін-еркін көре алады"  дейді Тарантино.

Квентина Тарантиноның бұл фильмі 2012 жылы түсірілген.  Аталмыш фильм америкалық құлдардың құл иеленушілерден кек қайтарғанын баяндайтын шығарма желісінде түсірілген.

2013 жылы "Азат етілген Джанго" Оскар сыйлығында екі номинацияны жеңіп алды. Оның бірі “Екінші пландағы үздік еркек рөлі" номинациясы бойынша “Азат етілген Джангода” ойнаған Кристоф Вальц осы номинацияны жеңіп алса, “Үздік сценарий” номинацияларында Квентин Тарантино жеңіске жетті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети