04 сәуір 2017 19:37

Тергеушілер Санкт-Петербург метросындағы жарылысты Қырғызстан тумасы жасағанын растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Акбаржон Джалилов. "ВКонтакте" желісіндегі жеке парақшасынан. Акбаржон Джалилов. "ВКонтакте" желісіндегі жеке парақшасынан.

Ресейдің Тергеу комитеті Санкт-Петербург метросындағы жарылысқа Қырғызстан тумасының қатысы барын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ресейдің Тергеу комитеті Санкт-Петербург метросындағы жарылысқа Қырғызстан тумасының қатысы барын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тергеу Санкт-Петербург метросындағы жарылыс жасаған ер адамның тұлғасын анықтады. Ол 01.04.1995 жылы туған Акбаржон Джалилов. Сонымен қатар, "Площадь Восстания" бекетінде жарылғыш заты бар сумкадан Джалиловтың генетикалық ізі табылды. Генетикалық сараптама қорытындысы мен бақылау камераларындағы жазба бойынша "Площадь Восстания" бекетінде жарылғыш зат салынған сөмкені тастап кеткен және метро вагонында теракт жасаған бір адам", - делінген РФ Тергеу комитетінің сайтында. 

Айта кетейік, метродағы жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялады.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік бюросының алдын ала нұсқасы бойынша, Санкт-Петербург метросында терактіні ұйымдастырған 1995 жылғы Акбаржон Джалилов. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Ош қаласының тумасы екенін растап берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети