22 қазан 2014 18:12

Тьери Демаре Total компаниясының президенті болып сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Францияның Total мұнай-газ корпорациясының бас директоры болып мұнайды қайта өңдеу және мұнай химиясы бөлімінің басшысы Патрик Пуянне, ал директорлар кеңесінің төрағасы болып 68 жастағы Тьери Демаре тағайындалды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Францияның Total мұнай-газ корпорациясының бас директоры болып мұнайды қайта өңдеу және мұнай химиясы бөлімінің басшысы Патрик Пуянне, ал директорлар кеңесінің төрағасы болып 68 жастағы Тьери Демаре тағайындалды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Демаре бұл қызметте өз жас шамасының мүмкіндігіне қарай 2015 жылға дейін атқарушылық міндеттемелерсіз отыратын болады, ал кейін өкілеттігін Пуяннеге бермек. "Мұндай жіктеу Кристоф де Маржериге дейін жылдар бойы сақталды, бұл жаңа тәжірибе емес", - деп мәлімдеді Total компаниясының өкілдері.

Бұған дейін сарапшылар ұшақ апатынан қаза тапқан Total энергетикалық концернінің президенті Кристоф де Маржеридің орнына Патрик Пуянненің отыратынын болжаған еді. Capital Markets Ltd Үлескерлік қатысу ұйымының сарапшысы Ян Рид лайықты үмітерлердің бірі Пуянне екенін айтты. "Ол өз бөлімшесінің қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде үлкен қадамдар жасады. Оған қоса, мұнай барлау және өндіру ісінде оның тәжірибесі үлкен", - деген болатын сарапшы. Сонымен бірге, сарапшылар қаржы директоры Патрик де ла Шевардье мен Upstream бөлімшелері жетекшісі Ив-Луи Даррикаррераны да компания президенті болуы мүмкін адамдар деп атаған болатын.

Еске сала кетейік, Total француз энергетикалық концернінің президенті Кристоф де Маржери 21 қазан күні Мәскеудің "Внуково" әуежайындағы ұшақ апаты кезінде қайтыс болған еді. Оның жеңіл моторлы Falcon жеке ұшағы ұшу жолағында қар тазалаушы машинаға соғылып, апатқа ұшырады, тергеу комитетінің мәліметінше, машинаны мас жүргізуші басқарған. Әуе апатынан төрт адам қаза тапты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети