03 қазан 2019 10:24

Төрт мектеп директорының орынбасары түнгі жиналысқа бара жатқан жолда апатқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда төрт мектептің директордың орынбасарлары жол апатынан қаза тапты. Олар түнгі селекторлық жиналысқа бара жатқан, - деп хабарлайды "Ozodlik".


Өзбекстанда төрт мектептің директордың орынбасарлары жол апатынан қаза тапты. Олар түнгі селекторлық жиналысқа бара жатқан, - деп хабарлайды "Ozodlik".

Полициядағы дереккөз мәліметінше, Daewoo Nexia мінген директор орынбасарлары Дангара ауданынан шыққан. 30 қыркүйекке қараған түні олар Ферғана облыстық әкімшілігінде дін мәселесі бойынша жиналысқа қатысу керек болған.  

Көлік тізгінінде № 26 мектеп директорының орынбасары болған. Ол көлікті басқарып келе жатып, ұйықтап кеткен. Соның салдарынан жарық бағанасына соқтығысқан. Дереккөз мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен алданда отырған № 38 мектеп директорының орынбасары сол жерде қаза тапқан. Артта отырған № 24 және № 27 мектеп директорларының орынбасарлары ауыр халде ауруханаға жеткізілген. 

"Түнгі жиналыс сақал қою мен хиджаб киюге қарсы кампанияға арналған. Оларға жиналыстың түнгі бірде болатыны айтылған, олар түнгі 11 шамасында Дангара ауданынан шыққан. Қоқан қаласынан өтіп бара жатып, жүргізуші ұйықтап кетіп, жолдан шығып кеткен", - деді қаза тапқандардың бірінің туысы. 

Қаза болғандардың бірінің туысы Өзбекстанда Мұғалім күні тойланатын 1 қазан Дангара ауданы үшін қаралы күн болғанын айтады. 

"Жексенбіде оларды қалаға жиналысқа шақырды. Төртеуі бір көлікпен шығуды ұйғарды. Рөлде болған директордың орынбасары кұні бойы жұмыс істеген, сол себепті де ұйықтап кеткен шығар", - деді туысы. 

Қоқанд ішкі істер бөлімі осы жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеудің алдында тексеру жүріп жатқанын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети