28 қаңтар 2017 13:37

Ту-154 апаты: БАҚ қайғылы оқиғаның себептерін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 желтоқсанда апатқа ұшыраған Ту-154Б-2 бортындағы өздігінен жазғыш құралдағы жазбаларға жасалған сараптаманың қорытындысы бойынша, сарапшылар ұшақ жүйесінің жұмысында ақаулардың болмағанын анықтады. Олардың айтуынша, әуе апатына экипаждағы қателіктер себеп болған, - деп хабарлайды "Коммерсантъ" басылымы әуе апатын тергеу комиссиясының алдын ала қорытындысына сілтеме жасап.


25 желтоқсанда апатқа ұшыраған Ту-154Б-2 бортындағы өздігінен жазғыш құралдағы жазбаларға жасалған сараптаманың қорытындысы бойынша, сарапшылар ұшақ жүйесінің жұмысында ақаулардың болмағанын анықтады. Олардың айтуынша, әуе апатына экипаждағы қателіктер себеп болған, - деп хабарлайды "Коммерсантъ" басылымы әуе апатын тергеу комиссиясының алдын ала қорытындысына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, борттағы өздігінен жазғыш құрал 1980 жылдардағы магнитофонға ұқсас болған. Қазір енді құралдан толық мәлімет алу мүмкін болмай тұр.

Әуе апатын тергеу жұмыстармен айналысып жүрген дереккөздің айтуынша, төтенше жағдай болған соң сарапшылар бірден Қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгаға есеп беру үшін келу керек болған. Министр сәйкесінше, ел басшылығы мен журналистерге осы жағдайға байланысты түсінік беру керек еді. Алайда кездесуді кейінге шегеру керек болған. Айта кетейік, әскери сарапшылар мен министрдің нақты қашан кездесетіні әлі күнге дейін белгісіз.

Сондай-ақ, дереккөздердің мәліметінше, комиссия мүшелері Ту-154Б-2 апатқа ұшырағанға дейін, ұшақ дұрыс жұмыс істеп тұрды деген шешімге келген. Осылайша, тергеу тобындағылар бір ғана қорытындыға келген, яғни, әуе апатына экипажда кеткен қателіктер себеп болған. Бірақ ұшақтың экипаждың нақты қандай әрекеттерінен кейін құлағаны әлі белгісіз.

Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі ("Звезда" телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.

РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте. Осыған байланысты 26 желтоқсан - Ресейде жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети