25 желтоқсан 2016 14:31

Ту-154 апаты: Қара теңізде қаза болғандардың денесі табылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іздестіру операция. Мұрағаттағы сурет. © epa/vostock-photo Іздестіру операция. Мұрағаттағы сурет. © epa/vostock-photo

Қара теңізде Ту-154 апатынан қаза болғандардың денесі табылып жатыр. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Игорь Конашенков мәлімдеді, - деп хабарлайды "Интерфакс". Агенттіктің дереккөзі бірнеше адамның мәйіті табылғанын айтты.

Конашенковтың айтуынша, мәйіт Сочидің жағалауынан алты шақырым жерде табылған.

Ал ТАСС агенттігінің дереккөзі апат орнында Первый канал тілшілерінің құжаттары мен бір адамның өлігі табылған.

Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі ("Звезда" телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.

РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети