22 желтоқсан 2015 | 10:51

Түркия Ресейді Сирияға жасаған әуе шабуылы кезінде 600 бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Yournewswire.com © Yournewswire.com

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Ресейді Сирияға жасаған әуе шабуылы кезінде 600 бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыптады. Бұл туралы ол дүйсенбі күні Anadolu агенттігіне берген сұхбатында айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Ресейді Сирияға жасаған әуе шабуылы кезінде 600 бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыптады. Бұл туралы ол дүйсенбі күні Anadolu агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Жексенбі, 20 желтоқсанда ресейлік ұшақтармен жасалған әуе шабуылы туралы пікір білдіре келе ол Сирияның Идлиб қаласында 200 бейбіт тұрғын қаза тауып, ғимараттар қиратылғанын мәлімдеді.

"Біз бұл әуе соққыларын қатаң түрде айыптаймыз. Ресей авиациясының әуе соққылары салдарынан Сирияда шамамен 600 бейбіт тұрғын қаза тапты. Кейбір ұйымдардың мәліметінше, қаза тапқандардың саны 800-ге жеткен. Қаза тапқандардың ішінде 150 бала бар екенін әлем білгенін қалаймыз", - деді Түркия министрі, дегенмен ол ешқандай дәлел келтіре алмады.


Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу. © Anadolu

Чавушоглудың айтуынша, операция басталғаннан бері Ресей ұшақтары Сирияға 4000 рет соққы жасаған. Түркия министрі Ресейдің 90 пайыз жағдайда ДАИШ содырларына емес, Башар Асадқа қарсы оппозицияға соққы жасайтынын айтты.

Чавушоглу Ресей тарапынан жасалатын шабуылдардың ДАИШ ұйымына күш беретінін алға тартты. Оның айтуынша, Мәскеу Сирияның толықтай Асадтың бақылауына өтуін қалайды.


20 желтоқсанда Сирияның Идлиб қаласына әуе соққысы жасалды. © Getty Images


Соққылар қала орталығындағы базарға, мемлекеттік ғимараттар мен адамдар тұратын аудандарға жасалды. © Getty Images


Reuters мәліметінше, әуе соққыларын Ресейдің әуе қорғаныс күштері жасаған. © Getty Images


© Getty Images


© Getty Images

Түркия сыртқы істер министрінің айтуынша, Мәскеу шынайылық танытып отырған жоқ, мәселені бейбіт түрде шешуге келісіп, оппозиция өкілдеріне соққы жасап жатыр. Чавушоглу Түркияның "сириялық бауырларын" қолдайтынын айтты.

Ресейлік тарап Түркия СІМ-нің айыптауына қатысты ешқандай түсінік бермеді.

Бұған дейін сириялық оппозицияның өкілдері, сонымен қатар батыс елдері - Түркия мен араб мемлекеттері Ресейдің бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап жатқанын бірнеше рет хабарлаған болатын. РИА Новости мәліметінше, олардың ешқайсысы расталған жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети