30 қараша 2015 18:01

Түркия Ресейге Су-24 оқиғасына қатысты кез келген техникалық ақпаратты ұсынуға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Түркия Ресейге Су-24 оқиғасына қатысты кез келген техникалық ақпаратты ұсынуға, сонымен қатар мұндай жағдайдың болашақта болмауы үшін шаралар қолдануды талқылауға дайын, - деп хабарлайды РИА Новости Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоглуға сілтеме жасап.


Түркия Ресейге Су-24 оқиғасына қатысты кез келген техникалық ақпаратты ұсынуға, сонымен қатар мұндай жағдайдың болашақта болмауы үшін шаралар қолдануды талқылауға дайын, - деп хабарлайды РИА Новости Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоглуға сілтеме жасап.

"Егер ресейлік тарап осы жағдайға байланысты сөйлескісі келсе, біз дайынбыз. Егер олар ақпарат беруімізді қаласа, біз оқиғаның техникалық ақпараттарын толықтай береміз. Олар қарым-қатынасты жақсартқылары келсе, біз сөйлесуге дайынбыз", - деді премьер-министр НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен болған кездесуден кейін.

Еске сала кетейік, Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы Сирия-Түркия шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру оқиғасынан кейін бұзыла бастады. Оқиға 24 қарашада болды. БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының "әуе-әуе" түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған. Ұшқыштардың бірі тірі қалды. РФ Әуе күштері Бас штабы шабуылға ұшыраған Су-24 бомбалаушысының Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді және бұл мәліметтің сириялық әуе қорғанысының мәліметтерімен расталатынын алға тартты. Ал Түркия ұшақтың шекараны бұзғанын айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети