16 шілде 2016 16:31

Түркияда мемтөңкеріс жасауға әрекеттенгендер тікұшақпен Грекияға барып, саяси пана сұрап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP Photo/ Brennan Linsley © AP Photo/ Brennan Linsley

Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгендер тікұшақпен Грекияға барып, саяси пана сұрап жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости Грекияның ERT қоғамдық телеарнасына сілтеме жасап. 


Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгендер тікұшақпен Грекияға барып, саяси пана сұрап жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости Грекияның ERT қоғамдық телеарнасына сілтеме жасап. 

Black hawk түріндегі тікұшақтың түрік полициясының иелігінде екені хабарланып отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ апат сигналын берген. 

Төтенше жағдай орнына барғандардың мәліметі бойынша ұшып келгендердің Түркиядағы бүлікке қатысы бар, олар Грекияда саяси пана сұраған. Расталған мәліметтер бойынша, тікұшақ бортында жеті әскери болған. Түрік әскерилерінің шені жайлы мәлімет жоқ, себебі олар формасындағы шен белгілерін шешіп тастаған. Бұл іс Грекияның Сыртқы істер министрлігіне берілді. 

Сонымен қатар, телеарна тілшілерінің мәліметінше, Түркия әскерилер мен тікұшақты беруін сұрауды жоспарлап отыр екен. 

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Ал сенбіде түрік премьері бүлік шығарғандардың ұсталғанын мәлімдеді. Оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети