16 шілде 2016 11:05

Түркиядағы билікті зорлықпен басып алу әрекеті: Хронология

ПОДЕЛИТЬСЯ

© BBC © BBC

Түрік армиясы ел билігін зорлықпен басып алғысы келді. Жоғары лауазымды офицерлер тобы қазіргі үкіметке қарсы бүлік шығарды. Анкара мен Ыстамбұлдағы қақтығыстардан кем дегенде 60 адам қаза тапты. Билік жағдайды өз қолына алды. Tengrinews.kz қолда бар мәлімет бойынша оқиғаның тізбегін жасады.


Түрік армиясы ел билігін зорлықпен басып алғысы келді. Жоғары лауазымды офицерлер тобы қазіргі үкіметке қарсы бүлік шығарды. Анкара мен Ыстамбұлдағы қақтығыстардан кем дегенде 60 адам қаза тапты. Билік жағдайды өз қолына алды. Tengrinews.kz қолда бар мәлімет бойынша оқиғаның тізбегін жасады.

Бүлік қалай шықты?

Жергілікті уақыт бойынша 23.00-де Анкара және Ыстамбұл көшелерінде армияның жүргені туралы хабар түсті. 

Әскерилер Босфор арқылы көпірлерді жауып, инфрақұрылым нысандары мен үкіметтік ғимараттарды бақылауға алды, оның ішінде халықаралық әуежай мен Ыстамбұлдағы билеуші партияның ғимараты да бар. Осыдан кейін бүлікшілер мемлекеттік телеарнаның таратылымын үзіп тастады.

Түркия премьер-министрі Йылдырым елде болып жатқан жағдайды әскери төңкеріс әрекеті деп атады. Коменданттық сағат жарияланды.  

Негізгі қақтығыс

Түнгі 01.00 шамасында әскерилер мен бейбіт тұрғындардың қақтығысы жайлы мәлімет келіп түсті. Танкілер Анкарадағы парламент ғимаратын қоршауға алды. Бұл кезде ғимаратта депутаттар болған еді. Сонымен қатар, бүлікшілер парламент ғимаратына бірнеше рет әуе соққысын жасады. TRT ұлттық мемлекеттік телерадиокорпорацияның ғимаратына да зымыран атылды. 

Кейін түрік әскерилерінен құралған топтың Dogan медиахолдингі мен CNN Turk телеарнасының ғимаратын басып алғаны хабарланды. Бүлікшілер Ердоғанның Анкарадағы резиденциясына әуе соққыларын жасады. 

Түркия президенті өз жақтастарын үкіметті құлатқысы келетіндерге қарсылық білдіруге шақырды. Мемлекеттік БАҚ-тар ірі қалалардың көшелеріне президенттің мыңдаған жақтастары шыққаны туралы хабар таратты. Бұдан кейін Түркияның ұлттық барлау қызметі бүліктің бетін қайтарғанын мәлімдеді. Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінің салдарынан кем дегенде 60 адам қаза тапқан.

Қазақстанның әрекеті

Қазақстанның Анкарадағы елшілігінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркиядағы төтенше жағдай бойынша мәлімет алғанын хабарлады. "Елшілік күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, Ыстамбұл мен Анталиядағы консулдықтар жұмыс істеп жатыр. Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми түрде мәлімдеме жасайды. Қазақстан билігіне Түркиядағы жағдай баяндалды, Президент хабардар болды", - деп хабарлады сыртқы саяси ведомствоның өкілдері.

Ердоғанның әрекеті қандай болды?

Президент видеобайланысқа арналған FaceTime ұялы қосымшасы арқылы ұлтына үндеу жасады. Бұл кезде оның қайда екендігі хабарланбаған еді. Кейбір мәліметтер бойынша, Түркия президенті елден кетіп, Германияға немесе Ұлыбританияға бармақшы болған. Алайда кейін бұл мәлімет расталмады.

Жергілікті БАҚ-тар президенттің Анкараға барғысы келгенін, бірақ оның ұшағының түрік астанасының әуежайына қона алмағанын хабарлады. Жергілікті уақыт бойынша сағат 4.00-де Ердоған Ыстамбұл әуежайында тілшілердің алдына шығып, Түркияда төңкеріс жасамақ болғандарды ең қатал жазаның күтіп тұрғанын мәлімдеді. Түркия президенті төңкеріс жасау әрекетін басу бойынша операцияның аяқталып, елдің басқыншылардың қолында қалып қоймайтынын мәлімдеді.

Сонда төңкерісті кім жасады? 

Ыстамбұл әуежайында жиналған жақтастарының алдында Ердоған бүлік шығарды деп Фетхуллах Гүленді айыптады. Ол, президенттің айтуынша, Пенсильваниядан бұйрық беріп отырған. Фетхуллах Гүлен "Хизмен" қозғалысын басқарады. Түркияда оған қатысты бірнеше қылмыстық іс бойынша іс қозғалған болатын. 

Жергілікті уақыт бойынша, таңғы 4.00-де бұқаралық ақпарат өкілдері төңкерісті әскери прокурор мен 46 жоғары лауазымды офицердің жасағысы келгенін хабарлай бастады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бүлікшілерді ұстауға құрлық әскері мен әскери әуе күштері ғана келісім берген. 

Ал кейін 600-ден аса адамның ұсталғаны белгілі болды. Анкараның пікірінше, олар - төңкеріс жасау әрекетіне қатысы барлар.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер

Түркиядағы қақтығыстардан кем дегенде 60 адам қаза тапты. Анкарада, БАҚ-тың мәліметінше, 17 полицей қаза тапқан. Түрік астанасында, прокуратураның мәліметінше, 42 адам қаза тауыпты, оның ішінде бүлікші генералдардың бірі бар делінеді. Сонымен қатар, Анкара мен Ыстамбұлда ондаған адамның зардап шеккені айтылады. Ал соңғы мәліметтер бойынша Түркияда 90 адам қаза тауып, 1154 адам жарақат алған.

Авиация

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы Түркиядағы жағдайға байланысты Қазақстаннан ұшатын барлық рейстің тоқтатылғанын мәлімдеді. "Елшілік күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, Ыстамбұл мен Анталиядағы консулдықтар жұмыс істеп жатыр. Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми түрде мәлімдеме жасайды. Қазақстан билігіне Түркиядағы жағдай баяндалды, Президент хабардар болды", - деп хабарлады сыртқы саяси ведомствоның өкілдері.

Түркиядағы қазақстандықтар

Қазақстан азаматшасы Айгүл Нұрланқызғы Ыстамбұл әуежайында не болып жатқанын хабарлады. "2,5 жылда бірінші рет қорқынышты болды. О, Аллах, бұл ел қашан тыныш өмір сүреді... Түркияда әскери төңкеріс. Шын мәнінде қорқынышты. Ыстамбұл әуежайын басып алды, көпірлер танкімен жабылды. Анкарада полиция бөлімшесі жарылды. Ыстамбұлда әскерилер мен полицейлер атысып жатыр. Үйдің үстінде тікұшақтар ұшып жүр, Анкарада жйоғыш ұшақтар", - деп жазды Айгүл Нұрланқызы Facebook желісінде. Оның айтуынша, халық дүкеннен азық-түлікті жаппай сатып ала бастаған. "Барлығымызға үйде отыру туралы бұйрық келді. Жаңалық күтіп отырмыз. Дүкенде су мен тамақ сатып алынып жатыр", - деп хабарлады ол.

Сонымен қатар, ҚР СІМ Түркиядағы қазақстандық азаматтарға жедел желі телефондарын жария етті. 

* ҚР Елшілігі (Анкара): +90-533-600-6092,

* ҚР Бас консулдығы (Ыстамбұл): +90-542-471-2211,

* ҚР Консулдығы (Анталия): +90-535-418-3532.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети