12 қаңтар 2016 17:32

Түркияның ақпарат құралдарына Ыстамбұлда болған жарылыс туралы жаңалық таратуға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Blerim_Vela/Twitter.com © Blerim_Vela/Twitter.com

Түкия билігі бұқаралық ақпарат құралдарына Ыстамбұлдағы жарылыс туралы жаңалық таратуға тыйым салды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Түкия билігі бұқаралық ақпарат құралдарына Ыстамбұлдағы жарылыс туралы жаңалық таратуға тыйым салды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ескертудің ақпарат құралдарының барлық түріне қатысты екені хабарланды. Оның ішінде радиодан, әлеуметтік желілерден, теледидардан таратылатын сұхбат немесе басқа да мәліметтер бар. Шешім күшіне еніп үлгерді.

Осыған ұқсас тыйым Түркияда былтыр Анкарада болған лаңкестік әрекеттен кейін салынған еді. Ол кезде терактінің салдарынан 103 адам қаза тапқан болатын. 

Еске сала кетейік, Ыстамбұлдағы жойқын жарылыс бүгін Астана уақыты бойынша сағат 14.20-да болды. Сол уақытта аялдамада саяхатшылар болған. Болжам бойынша, қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети