24 қараша 2015 14:41

Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірді, - деп хабарлайды CNN Turk.


Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірді, - деп хабарлайды CNN Turk.

Телеарнаның мәліметінше, ұшақ мемлекеттік шекараны бұзғандықтан оны әскерилер атып тастаған. Кеме әуеде өртеніп, Сирия аумағына құлады. Түркияның ақпарат құралдары әуе кемесінің құлаған сәті түсірілген видеоны жариялады. 


Видео Olay Gazetesi/YouTube

Бұған дейін белгісіз МиГ-29-дың Сириядағы шекараны шолып жүрген түркиялық сегіз F-16S жойғышты нысанаға алғаны хабарланған еді. Оқиға 5 қарашада болды. МиГ-29 Түркияның жойғыштарын 4 минут 30 секунд бойы нысанаға алып тұрған. Сонымен қатар, шекараны бұзуға Сирия аумағында орналасқан ӘҚҚ жүйесі жол бермеген.

Айта кетейік, Сириядағы ДАИШ ұйымын жоюға қатарынан бірнеше ел кірісті. Олардың ішінде Ресей, Франция мен АҚШ басқаратын одақ бар. Сонымен қатар, Ұлыбританияның премьер-минситрі Дэвид Кэмерон жақын күндері парламенттен Сирия аумағындағы террорлық ұйымдарға әуе соққысын жасауға рұқсат сұрайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети