5 ақпандағы таңғы жағдай бойынша коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 492-ге жетіп, ал 24 324 адам дерт жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тағы 892 науқастың ауруханадан шығарылғаны айтылады. Бұл туралы South China Morning Post газеті Қытайдың денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Бұл бір тәулікте қайтыс болғандар мен жұқтырғандардың саны бойынша рекорд көрсеткіш тіркеліп отыр. Бір күн бұрын 20,4 адамның вирус жұқтырып, 425 адамның қайтыс болғаны хабарланған.
Қайтыс болғандардың көбі Қытайдың құрлық бөлігінде. Гонконг пен Филиппинде бір адамнан қайтыс болған.
Сонымен қатар, 23,2 мың адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген күдік бар. Ауырғандармен жақын қарым-қатынаста болған 185,5 мың адам бақылауда.
Жапония жағалауында карантин жарияланып, бірнеше күн бойы тұрған круиз кемесінде коронавирустың жаңа түрі 10 жолаушыдан табылған.
Коронавирус тарауына байланысты Қытаймен 20-дан аса халықаралық әуекомпания әуехабарламасын тоқтатты. Дүниежүзідік денсаулық сақтау ұйымының маманы Дэвид Хейменның айтуынша Қытайдан ұшып шығатын ұшақтарға тыйым салу аурудың басқа өңірлерде таралуының алдын алудың сенімді жолы емес.
2019-nCoV коронавирусының қайнаркөзі Қытайдың Ухан қаласында (Хубей провинциясы). Ауру адамнан адамға жұғады. Қытайдан басқа 24 елде ауру тіркелген.
Ал АҚШ-тың Аллергия және жұқпалы аурулар ұлттық институтының директоры Энтони Фаучиның сөзінше, Қытайдағы коронавирус таяу уақытта пандемияға айналады.