29 қаңтар 2014 16:21

Украина әскерилері Януковичке ықпал еткісі келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина  Президенті Виктор Янукович ©РИА Новости Украина Президенті Виктор Янукович ©РИА Новости

Украина әскерилері Президент Виктор Януковичке елде тәртіп орнату туралы шешім шығаруға ықпал етпекші деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Елдің Қарулы күштерінің Бас штабының жетекшісі офицерлерді мемлекет басшысына тиісті үндеу жасауға үгіттеп отыр. Бас штаб бастығының орынбасары генерал-лейтенант Юрий Думанский осы мәселеге байланысты жиналыс өткізу арқылы Януковичке үндеу жасауды бірауыздан қолдауды талап етті. Үндеуді бас басқарманың жеке құрамы жазған. Онда Украина әскерилерінің елде қалыптасқан ахуалға байланысты алаңдайтыны, сол себепті Бас қолбасшыдан тәртіп орнатуға, елді сақтап қалуға, экстремизмге одан әрі тосқауыл қоюға бағытталған пәрменді, кезек күттірмейтін шаралар қабылдауды сұрайтыны айтылған. Оппозицияның мәліметінше, офицерлер жиналысын өткізу туралы жеделхат Украинаның 14 облысына жолданды. Ұлттық қарсы тұру штабы Президенттен елде төтенше жағдай тәртібін енгізуді сұрауға ниетті екенін хабарлады. Қорғаныс министрлігі болса, әскерилердің Януковичке үндеу әзірлеп жатқаны туралы ақпаратты нақтылайтынын жеткізді. Еске сала кетейік, бұған дейін елдің қорғаныс министрі Павел Лебедев билік пен оппозиция арасындағы текетіреске Украина әскерилерінің араласпайтынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, жанжалға армияны араластыруға үндеу - арандатушылық. Өткен жылдың қараша айында Украинада Еуроодақпен қауымдастық құру туралы келісімге қол қоюға дайындық процесінің тоқтатылуына қарсы ереуілдер басталғанын еске саламыз. Наразылық шарасы "Евромайдан" аталған жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Қаңтардың 19-ы күні жаңа бүліктер басталды. Халықтық көтеріліс Киевтен басқа қалаларға да ауыса бастады. Черкассы, Ровно, Тернополь, Сумы, Ивано-Франковск, Львов қалаларының тұрғындары әкімшілік ғимараттарды басып алып, бас көтеріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети