04 мамыр 2014 09:37

Украина дағдарысы НАТО мен Еуроодақты көрге тығады - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Nato.int ©Nato.int

Украиналық дағдарыс салдарынан НАТО, Еуроодақ, БҰҰ, ХВҚ және басқа да көптеген халықаралық ұйымдар мен блоктар күйрейді. Мұндай пікірді әйгілі америкалық блогер және сарапшы Дэниэл Уэлш айтып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.


Украиналық дағдарыс салдарынан НАТО, Еуроодақ, БҰҰ, ХВҚ және басқа да көптеген халықаралық ұйымдар мен блоктар күйрейді. Мұндай пікірді әйгілі америкалық блогер және сарапшы Дэниэл Уэлш айтып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Уэлш Сonsortiumnews.com интернет-порталында жариялаған мақаласында Киев билігінің Украинаның оңтүстік-шығысында Вашингтонның сценарийі бойынша жүргізіп жатқан антитеррорлық іс-қимылын әскери қылмыс деп атады.

"Сөз жоқ, бұл - әскери қылмыс. Бұл кімнің ісі екеніне енді ешкімнің күмәні жоқ. Легитимді емес хунта батыстық қаржы капиталын қорғап отырған ХВҚ қожалары не бұйырса, соны істеп отыр. Халықаралық валюта қорының штаб-пәтері орналасқан Вашингтонның Украинамен арадағы келісімі - көптеген украиналықтардың өліміне шығарылған үкім. Егер Киев билігі ресурстарға бай оңтүстік-шығыс аймақты қолына қайтармаса, қожалары Украинаға көрсетілетін қаржылай көмекті қайта қарауы ықтимал", - деп жазады сарапшы.

Оның сөзіне қарағанда, украиналық күш құрылымдарының әрекеті әлемдік тарихқа ең бір масқара, жиіркенішті әскери компания ретінде енетін болады. "Мен алғашында әскери қимылға қарсы тұрушыларды халық жақтамайтын шығар деп ойлағам. Қазіргі соғыста сарбазды қарусыз адамдарға, жалаң қолмен танкті тоқтатпақ болған халыққа қарсы оқ атуға, соғысуға ешкім мәжбүрлей алмайды деп ойлаушы едім. Мен қателескен екем. Күрес өмір сияқты күтілмеген сый тарту етіп, әр күні қандай да бір жаңалыққа үйретіп отырады екен" дейді мақала авторы.

Блогер халықаралық ұйымдарды Ауғанстаннан Запорожьеге дейін агрессия жасап отырған АҚШ-қа жағынып отыр деп айыптайды. Мақалада "Украинадағы тартыс миллиондаған адамды 2+2=5 деп сендірмек болған БҰҰ, ХВҚ, Еуроодақ, НАТО және басқа да халықаралық ұйымдар үшін жерлеу маршы болады. Олар өздері мәселе туындатып отыр. Бірақ оны қалай шешуін білмейді", - делінген.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети