30 қаңтар 2014 14:20

Украина оппозициясы билік талабынан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Lenta-ua.net ©Lenta-ua.net

Украина оппозициясы Жоғарғы Рада қабылдаған рақымшылық туралы заң талабын орындаудан және басып алған ғимараттарын босатудан бас тартты. Бұл туралы "Свобода" партиясының жетекшісі Олег Тягнибок мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап. Қабылданған заңға сәйкес, Украина оппозициясы 15 тәулік ішінде басып алған ғимараттарын босатуы тиіс. Бірақ заң заңсыз түрде қабылданды деп есептеген оппозиция биліктің талабын орындаудан бас тартты. Олег Тягнибоктың айтуынша, заң жобасын қабылау кезінде регламент бұзылған, ол туралы Жоғарғы Раданың комитеттерінде талқыланбаған. "Біздің күресіміз одан әрі жалғасуы керек. Майданның талабы ішінара ғана орындалды - Азаров пен Табачниктің отставкаға кетуі жеткіліксіз", - деді "Свобода" жетекшісі. Еске сала кетейік, бұған дейін Украина парламенті жаппай қарсылық шараларын өткізушілер райынан қайтса, оларға рақымшылық жасау туралы заң шығарған болатын. Заң бойынша аса ауыр қылмыс жасағандарға ғана кешірім жоқ. Билік бұл заңның ереуілшілер әкімшілік ғимараттарды басып алуды доғарған жағдайда күшіне енетінін мәлімдеген еді. Бірақ оппозиция өкілдері қарсылық шараларына қатысушыларға ешқандай талап қойылмай-ақ рақымшылық жасалуы керек деп отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети