07 маусым 2014 18:31

Украина Президенті әкімшілігінің маңында автокөлік жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет doroga.ua сайтынан алынды Сурет doroga.ua сайтынан алынды

Украина Президенті әкімшілігінің маңында автокөлік жарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz  сайты УНИАН басылымына сілтеме жасап. Оқиға Киевтің Печерск ауданындағы Кутузов көшесінде, яғни Украина Президент әкімшілігі, парламент және билік құрылымдары ғимараттарына өте жақын жерде орын алған.   

Куәгерлердің айтуынша, автокөлік Жоғарғы Радада Украина Президентінің инаугурациясы басталған уақытта, сағат ондар шамасында жарылған. Қазір жарылыс болған жерде полицейлер мен арнайы техникалық лаборатория тексеру жүргізуде. Олардың айтуынша, жарылыс Кутузов көшесінің ортаңғы жолағымен "Леси Украинки" бульварына қарай келе жатқан Infinitі автокөлігінің капотынан шыққан. 

Құқыққорғаушы органдардың хабарлауынша, жарылыс кезінде көлікте бір азамат болыпты. Қазір жан сақтау бөлімінде жатқан оның кім екені анықталуда, Жарылыс себебі белгісіз. Естеріңізге саламыз, 25 мамыр күнгі сайлауға жеңіске жеткен Украина президенті Петр Порошенконы ұлықтау рәсімі 7 маусым күні, яғни сенбіде өтізілді. Инаугурацияға Украинаның бұрынғы презиеденттері Леонид Кравчук, Леонид Кучма және Виктор Ющенколар, сондай-ақ, Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко қатысты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети