22 ақпан 2014 13:07

Украинада Лениннің ескерткішері бассыз қалып жатыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

diletant.ru сайтынан diletant.ru сайтынан

Украинаның Чернигов, Днепропетров және Полтава қалаларындағы Ленинің ескерткіштері құлатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып. Мұны 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні жаппай акцияға шыққандар жасаған. Черниговта Лениннің ескерткішін қиратуға коммунистер кедергі жасамақ болған. Қаланың орталық алаңына 500 адам жиналыпты. Алайда әлемдік пролетариат көсем Владимир Лениннің монументін оның жақтаушылары аман алып қала алмады. Активистер ескерткіштің мойнына жіп байлап, құлатып түсірген. Сонымен Ленин ескетрткішінің басы жұлынып қалды. Ал Полтавадағы Ленин ескерткішін құлатуға бірнеше мың адам қатысқан. Олар ескерткіштің мойнына темір арқан салып, бірнеше жүк көлігімен тартқан. Екі сағаттай алысқан жанкештілер ақыры ескерткішті құлатып тынды. Октябрь революциясы көсемінің монументі Днепопетровск қаласында да бассыз қалды. Бұған дейін Гребенка, Житомирдегі ескерткіш те құлатылған еді. Естеріңізге сала кетейік, Лениннің ескерткіштері Киевтегі толқудан кейін қиратыла бастады. Радикалдар Украина астанасының қақ ортасына Лениннің ескерткішін лақтырып тастаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети