20 шілде 2015 14:28

Украинадағы Boeing 777 ұшағының апат орны түсірілген жаңа видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Украинада Boeing 777 ұшағының апат орны түсірілген жаңа видео YouTube порталында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Украинада Boeing 777 ұшағының апат орны түсірілген жаңа видео YouTube порталында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеороликті қолданушы Billy Si жүктеді. Видеоның қайғылы оқиғадан кейін бірнеше минут өткенде түсірілгені белгілі болады. Автомобиль жүргізушісі мен жолаушысы апат орнында мәйіттерді көреді.

"Олар апат орнында бірінші болды: Грабово тқрғындары, шығыс Украина", - деп жазды видео авторы - неміс журналисі Билли Сикс. ол көп уақыт бойы Украинада болып, жағдайды бақылаған. Оның мәліметінше, жергілікті тұрғындары оған көптеген материал берген және ол қажетті платформа табылса соның барлығын жариялауға дайын. 

Еске сала кетейік, малаизиялық Boeing-777 MH17 рейсімен Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатып, 2014 жылдың 17 шілдесінде Донецк облысының Грабово елді мекенінің маңында, ресейлік шекарадан 50 шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің барлық 283 жолаушысы мен экипаждың 15 мүшесі қаза болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети