11 желтоқсан 2022 14:22

Украиналық басылым қазақстандық блогерді "Федералды барлау қызметінің агенті" деп атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналық "Ищи своих" интернет жобасы қазақстандық блогерді "Федералды барлау қызметінің агенті" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Украиналық "Ищи своих" интернет жобасы қазақстандық блогерді "Федералды барлау қызметінің агенті" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жобаның Telegram-арнасында Қазақстан азаматы Антон Бударов "Федералды барлау қызметінің агенті", "халық пен билікке қарсы арандатушылық және жалған хабарламалар таратады" және "агрессивті әрекеттер жасайды" делінген.

"Ищи своих" жобасының мәліметінше (Украинаның Ішкі істер министрінің кеңесшісінің ұсынысымен ашылған), Бударов Санкт-Петербургтегі ұйым кураторларымен кездескен.

Айта кетейік, Антон Бударовтың деректері "Миротворец" сайтында да жарияланған, онда блогер "Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы қасақана әрекеттер жасады" деп айыпталған.

Бұқаралық ақпарат құралдары Антон Бударов бұрын Алматыда тұрғанын жарыса жазды. Блогер қазақстандық саясаткерлердің айыптап, елімізге қатысты бірнеше рет арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер жасаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.96   490.7   4.97 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети