17 тамыз 2014 18:55

Украинаның СІМ басшысы ЕО пен НАТО-дан көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павел Климкин. Фото ua-ru.info сайтынан алынды Павел Климкин. Фото ua-ru.info сайтынан алынды

Украинаның сыртқы істер министрі Павел Климкин немістің Deutschlandfunk радиостанциясына берген сұқбатында Еуропалық одақ пен НАТО-дан әскери көмек сұрайтынын жеткізді, деп хабарлайды РИА Новости.


Украинаның сыртқы істер министрі Павел Климкин немістің Deutschlandfunk радиостанциясына берген сұқбатында Еуропалық одақ пен НАТО-дан әскери көмек сұрайтынын жеткізді, деп хабарлайды РИА Новости.

Радио журналисінің Украина ЕО пен НАТО-дан көмек сұрауға әзір ме? деген сұраққа Климкин: "Әрине, Бізге әскери көмек керек. Бұл мәселе бойынша көмек көрсетілетін болса, біздің бөлімшелердің жер жерде әрекет ету жеңілдей түседі".

Климкиннің ойынша, бар мәселе елдің шығысындағы ресей жасақтарында болып отыр. Олар украин әскерилерімен келіссөз жүргізуге құлық танытпауда. "Қазір Украина, Ресей және Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымдарының (ЕЫҚҰ) аймақтық байланыс топтары құрылғанына қарамастан Донецк пен Луганск өкілдерімен байланысқа шығу мүмкін болмай тұр", - деді министр.

Ол қыркүйектің басында өткелі отырған НАТО саммитінде "реформа және қарулы күштерге үлкен көмекке" мұқтаж болып отырған Украинаға саяси қолдау көрсетілетініне сенім білдірді.

Оның пікірінше, Германия ушыққан жағдайды реттеуге мүмкіндігі барын жеткізді. "Канцлер көп шаруалар атқарып жатыр. Ол бұл процесте ең маңызды рөлге ие. Ол сондай-ақ, Еуропалық одақтың бір ауыздан шешім қабылдауын да жүзеге асырды. Сондықтан біздің канцлерге деген алғысымыз шексіз. Біз ең алдымен Донецскі мен Луганскіде бейбіт күннің орнағанын қалаймыз", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети