03 желтоқсан 2015 14:41

Ұлыбритания ұшақтары Сирияның мұнайлы ауданына әуе соққысын жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ұлыбритания ұшақтары Сирияның шығысында орналасқан мұнайлы аудандағы нысандарға алғашқы әуе соққысын жасады, - деп хабарлайды BBC.


Ұлыбритания ұшақтары Сирияның шығысында орналасқан мұнайлы аудандағы нысандарға алғашқы әуе соққысын жасады, - деп хабарлайды BBC.

Бұл аудандағы мұнай кен орны ДАИШ содырларының бақылауында екені хабарланды. Телеарна Ұлыбританияға тиесілі төрт Tornado ұшағының екеуі Кипрдегі авиабазаға атыс жиынтығынсыз оралғанын хабарлады. Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі "Сирияда алғашқы операция жүргізгенін" растады.

Бұған дейін ұлыбританиялық парламентінде Сирия аумағында ДАИШ-ке әуе соққысын жасау дауысқа салынған болатын. Депутаттардың 397-сі ұсынысты қолдаса, 223 депутат бұған қарсы болды. Дауыс беру бойынша пікірталас 10 сағатқа созылды. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Филип Хаммондтың айтуынша, содырларға әуе соққысы алдағы уақытта да жасалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети