05 қыркүйек 2014 16:14

Ұшақ апаты құрбандарының денесі атыс тоқтағаннан кейін іздестіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Малайзия Украинада ұшақтың апатқа ұшырауын тергеу мен құрбандардың денесін іздеуді атыс тоқтағаннан кейін ғана бастайды, - деп хабарлайды Газета.ru


Малайзия Украинада ұшақтың апатқа ұшырауын тергеу мен құрбандардың денесін іздеуді атыс тоқтағаннан кейін ғана бастайды, - деп хабарлайды Газета.ru

Малайзия көлік министрі Лиоу Тионг Лай Украинаның шығысында атыстың тоқтатылуы Boeing апаты орнында іздеу жұмыстарын жүргізу үшін шешуші фактор болатынын айтты. "Бізге мәйіттерді қайтару керек, ұшақ қалдықтарын алу керек. Құтқарушылар атыс болып жатқан кезде MH17 бортында болған денелер мен қалдықтарды іздей алмайды", - деді министр. Бұған дейін Киев пен халық жасақтарының 5 қыркүйек - Минскідегі үшжақты кеңестің кезекті кезеңі күні атысты тоқтатуға дайын екені хабарланған еді.

Лай Украина үкіметінің Малайзия құтқарушыларының апат орнына қауіпсіз жағдайда баруына жауапкершілікті алуы тиіс екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Малайзия билігі бұл жөнінде украин тарапымен келіссөздерді бастады.

Бұған дейін көлік министрі ұшақ апатын тергеу жөніндегі есепті тамыз айының ортасында жария ететінін хабарлаған болатын. Ол бұл кезде Malaysia Airlines MH17 бортындағы "қара жәшіктен" алдын ала мәліметтер алынатынын айтқан еді. 

Еске сала кетейік, малайзиялық ұшақ Донецк облысы аумағында 17 шілдеде апатқа ұшыраған еді. Boeing-777 Амстердамнан Куала-Лумпурды бетке алған. Оның бортында 298 адам болды, 15-і - экипаж мүшесі. Олардың бәрі түгел қаза тапты. Киев билігі мен батыс елдері апатқа халық жасақтарын кінәлады, ал олар ұшақты атып түсіретін қару-жарағы жоқ екенін алға тартты. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети