23 қаңтар 2014 14:35

Венесуэла инфляциямен күрестің ерекше амалын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венесуэланың ұлттық валютасы - боливар. ©sc008.k12.sd.us Венесуэланың ұлттық валютасы - боливар. ©sc008.k12.sd.us

Венесуэла инфляциямен күрестің ерекше әдісін тапты: боливардың долларға қатысты бағамы енді валютаны сатып алу мақсатына қарай айтарлықтай өзгеретін болды. Бұл туралы Tengrinews.kz ВСС Russian-ға сілтеме жасап хабарлайды. Валюта айырбастаудың төменгі ресми бағамы енді дәрі-дәрмек пен азық-түліктің көтерме импортына ғана қолданылады. Елдің шетелге шығатын немесе аса бағалы тауарлар сатып алатын тұрғындары ақшаны басқа бағаммен - валюта аукционының апталық қорытындысы бойынша анықталатын курспен айырбастауы тиіс. Сарапшылардың пікірінше, Венесуэла "жасырын девальвация" жүргізіп жатыр. Ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, мұнай экспортынан түскен тұрақты табысқа қарамастан, ел экономикасы базалық тауарлармен байланысты күрделі мәселелерге кезігіп отыр, бұл валюта нарығына қатаң бақылау жүргізуге себеп болды. Өткен жылдың ақпан айында Венесуэла боливар девальвациясын іске асырған еді. Құнсыздану 46,5%-ды құрады: бір доллар 4,3-тен 6,3 боливарға дейін қымбаттады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети