16 наурыз 2014 22:39

Венецияда референдум өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет telegraph.co.uk сайтынан алынды Сурет telegraph.co.uk сайтынан алынды

Жексенбі күні Италияның құрамынан бөлініп шығу мақсатында Венето әкімшілік аймағында және оның астанасы Венецияда референдум басталды. Британдық The Telegraph басылымы "Венетодағы референдумның Қырым референдумынан айырмашылығы 16 наурызда басталып, 21 наурызға дейін бірнеше күнге созылатынында" деп жазады. Италияның солтүстік шығысындағы азаматтар: "Сіз Венецияның егеменді және тәуелсіз ел болғанын қолдайсыз ба?" деген сұраққа жауап іздейді. Референдум бастамашылары өздеріне осы жылдың қыркүйегінде Ұлыбританиядан бөліну мақсатында жалпыхалықтық референдум өткізбек болып отырған Шотландия мен Испаниядан бөлінуді тұрғындарының жартысы қалайтын Каталония мысалдары рухтандырғанын айтады. Белсенділер соңғы сауалнама нәтижелеріне сүйеніп, сайлаушылардың 65 пайызы Римнен тәуелсіздік алуға дауыс беретініне сенімді. Аймақта бар болғаны 3,8 миллион тұрғын дауыс беруге құқылы. Сонымен бірге, венециялықтар еуродан бас тартып, Еуроодақ пен НАТО-дан шығуды көздейді. Референдум белсенділері Римдегі билікке дауыс беру міндетті болмайтынын айтады. Олар "референдум қортындысы бөлінуші тарапқа өз легитимділігін көрсетеді" деген пікірде. Сепаратистер Италия қазынасына салық төлемдерін төлетпеуді талап еткен болатын. Өйткені, тәуелсіздікті жақтаушылар қазірдің өзінде мемлекеттік қызмет үшін аймақтан Рим тарапына 20 миллиард еуродан астам қаржы аударылатынына наразы. Осыған орай бір белсенді: "Азаматтар экономикалық дағдарыстан шаршады", - деп мәлімдеген еді. Венеция республикасы - ХҮІІІ ғасырдың соңына дейін 1000 жылдық тәуелсіздікке ие болған мемлекет. 1797 жылдан бастап, 60 жыл Австрия империясының құрамында болды. Сондай-ақ, бұл ел 1966 жылы Италияның құрамына енген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети