16 сәуір 2015 17:19

Владимир Путин: Порошенко Донбасты қайтарып алу туралы маған ұсыныс жасаған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин "Тікелей желі" арқылы Украина көшбасшысы Петр Порошенконың Донбасты қайтарып алу туралы ұсыныс жасамағанын айтты. Тікелей трансляцияны Tengrinews.TV-дан көріңіздер.


Ресей президенті Владимир Путин "Тікелей желі" арқылы Украина көшбасшысы Петр Порошенконың Донбасты қайтарып алу туралы ұсыныс жасамағанын айтты. Тікелей трансляцияны Tengrinews.TV-дан көріңіздер.

"Жоқ, ондай ештеңе болған жоқ. Біз Донбастың экономикасы мен әлеуметтік саласын жандандыруға қатысты мәселелерді талқыладық, ол жерде проблема жетерлік", - деді ресейлік көшбасшы. Сонымен қатар, оның айтуынша, Ресей Донбастағы жағдайға қатысты өз позициясын тықпалап, араласайын деп отырған жоқ, бірақ өз пікірін жеткізе алады. "Біз әрине, араласайын деп отырған жоқпыз. Украинаға қандай да бір тәлімді тықпалау біздің жұмысымыз емес, бірақ біз өз пікірімізді айтуға құқылымыз, оның үстіне, біздің Минск келісімін орындау қажеттігіне назар аудартуға құқығымыз бар. Біз олардың орындалғанын қалаймыз және мұны Украина басшылығын қоса алғанда барлық әріптесімізден күтеміз", - деді Ресей президенті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Владимир Путиннің айтуынша, 11-12 ақпанда Минскіде өткен "Норманд төрттігі" келіссөздері барысында Украина президенті оған Донбасты қайтарып алу туралы ұсыныс жасады деп хабарлаған болатын. "Ол (Порошенко - Автор.) тура айтты: "Донбассты қайтып алыңыз". Мен оған былай деп жауап бердім: "Сандырақтадыңыз ба? Маған Донбасс керек емес. Егер сізге керек болса, тәуелсіздігін жариялаңыз", - деп келтірді президенттің сөзін ақпарат таратқан басылым.

Алайда Владимир Путин айтты деген бұл ақпаратқа Украинаның СІМ баспасөз хатшысы Евгений Перебыйнис бірден түсінік берді. Оның айтуынша, президент ресейлік көшбасшыға Донбастан әскери және өзге де боевиктер қолдауын алып кетуді ұсынуы мүмкін. "Донбасстан кетіңдер" деген сөз "Донбассты қайтарып алыңдар" дегенді білдірмейді, тіпті керісінше", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети