01 ақпан 2014 16:36

Янукович бүлікшілерге рақымшылық жасайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Янукович.
©President.gov.ua Виктор Янукович. ©President.gov.ua

Украина Президенті Виктор Янукович жаппай наразылық шеруіне қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы ресейлік басылымдар Украина басшысының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады деп жазады Tengrinews.kz. "Янукович жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға жазаны қатайтудың күшін жою және қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды" деп хабарлайды Украина Президентінің баспасөз қызметі. Бұған дейін Украина парламентінің жаппай қарсылық шараларын өткізушілер райынан қайтса, оларға рақымшылық жасауды қарастыратын заң шығарғаны жария болған еді. Билік бұл заңның ереуілшілер әкімшілік ғимараттарды басып алуды доғарған жағдайда күшіне енетінін мәлімдеді. Бірақ оппозиция өкілдері қарсылық шараларына қатысушыларға ешқандай талап қойылмай-ақ рақымшылық жасалуы керек деп, биліктің талабына көнбейтінін ашық айтты. Ресми Киев рақымшылық туралы заң қабылдар алдында Украина оппозициясына 15 тәулік ішінде басып алған ғимараттарды босату туралы талап қойды. Ал оппозиция заң жобасының заңсыз түрде қабылданғанын айтып, әкімшілік нысандарды басып алу әрекетін доғармайтынын меңзеді. Айта кетейік, Украина Бас прокуратурасының мәліметінше, елдегі текетірес кезінде тәртіпсіздікке қатысқан 140-тан астам адам тұтқынға алынған. Ел Президенті қол қойған заң бойынша бұларға қатаң жаза қолданылмауы керек және рақымшылық жасалуы тиіс. Украинада жаппай наразылық шаралары өткен жылдың қараша айында басталғанын еске саламыз. 19 қаңтарда оппозицияның халықтық жиналысынан соң бүлікшілер құқық қорғау органдарымен қақтығыстың жаңа толқынын бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети