12 мамыр 2024 11:17

Қарағанды ​​облысында ер адамның аяусыз соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қарағанды ​​облысында оқиға куәгерлері ер адамның аяусыз соққыға жығылған сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысында оқиға куәгерлері ер адамның аяусыз соққыға жығылған сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Бұқар жырау ауданы, Қушоқы ауылында болған. Әлеуметтік желіде тараған кадрларға қарағанда, көпқабатты үйдің ауласында екі ер адам арасында жанжал туындаған. Куәгерлер бір ер адамның екіншісін темірмен ұрып жатқанын түсіріп алған. Бұл ретте олардың жанында екі әйел болған. Олар жанжалдасқандарды ажыратпақ болған.

Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство жанжалдасқандар анықталып қойғанын хабарлады.

"Полицейлер Бұқар жырау ауданы, Қушоқы ауылындағы көпқабатты үйдің ауласында бұзақылық жасаған 28 жастағы адамды анықтап, ұстады. Бұзақылық әрекет жасағандар ағайынды болып шықты. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.04   490.7   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети