30 сәуір 2024 09:21

Перзентханадағы екі әйелдің өлімі: Талдықорғанда қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Талдықорғандағы перзентханада екі әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талдықорғандағы перзентханада екі әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, осыған дейін редакцияға Айжан есімді қыз хабарласып, Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта болған әпкесінің өліміне қатысты оғаш мән-жайды айтқан болатын. Кейін 2 ақпанда сол мекемеде тағы бір әйел қайтыс болғаны белгілі болды.

Жетісу облыстық Полиция департаменті екі әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Талдықорған ПБ 2024 жылғы 30 қаңтарда облыстық перинаталдық орталықтың патология бөлімінде А-ның қайтыс болу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Соталды тергеу барысында тергеуші 30 қаңтарда сот-медициналық сараптама тағайындады. 9 ақпанда тексеру жүргізу үшін материалдардың көшірмелері "ҚР ДСМ медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ-ге жолданды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс жүргізіліп, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады Полиция департаменті.

Сондай-ақ, 2 ақпандағы Б.-ның өліміне қатысты ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. Қазір қылмыстық істі Талдықорған қалалық ПБ тергеушісі жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети