14 мамыр 2024 09:45

Шымкентте полицейлер ұрланған көлікті соғып тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Шымкентте полицейлер қызметтік көлікпен ұрланған көліктер тізімінде тұрған көлікті соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте полицейлер қызметтік көлікпен ұрланған көліктер тізімінде тұрған көлікті соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, оқиға 9 мамырда болған. Түркістан облысында мас ер адам бөтеннің көлігін ұрлап кетіп, бұл белгілі болғанда жолда төтенше жағдай туғызған.

Адам шығынын болдырмау үшін патрульдік полиция инспекторлары Асыл Кеңес пен Бағлан Дүйсебай өз өмірлерін қатерге тігіп, қызметтік көлігімен оның жолын жауып, нәтижесінде соқтығысуға мәжбүр болған.

"Көрші облыстағы әріптестерден ұрланған көлік туралы ақпарат алдық. Тізгіндегі ер адамның мас екені бірден түсінікті болды. Қауіпті жүргізушіні тоқтату үшін әдейі "таран" жасадық. Бұл басқа жол қозғалысына қатысушы азаматтардың амандығы үшін", - дейді тәртіп сақшылары.

Ер адам көлікті мас күйінде басқарып, полицияның заңды талабын орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Көлік ұрлау дерегін Түркістан облысының тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети