12 мамыр 2024 14:39

Тасжолда өртенген көліктен ерлі-зайыпты мен үш баласы құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Жамбылдық полицейлер ерлі-зайыпты мен үш баланы өртенген көліктен алып шықты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ПД мәліметіне сілтеме жасап.


Жамбылдық полицейлер ерлі-зайыпты мен үш баланы өртенген көліктен алып шықты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тасжолының учаскесін патрульдеу кезінде көліктен өрт шыққанын байқап, тоқтаған. Олар бірден жүргізуші мен жолаушыларға көмек көрсету үшін жедел түрде қажетті шараларды қабылдаған.

"Көлікте жүргізуші, оның әйелі және үш баласы болған. Полицейлер оларды автокөліктен шығарып, ондағы қажетті заттарын да сыртқа тасып үлгерген. Сондай-ақ, балалар мен олардың анасын Алматыға жету үшін жолай басқа көлікке отырғызып жіберді", - делінген хабарламада.

Жүргізуші мен жолаушылар эвакуацияланғаннан кейін автокөлік толығымен жанып кеткен. Өрт толығымен сөндіріліп, ешкім зардап шекпегені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.28   490.7   5.06 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети