02 мамыр 2024 10:51

Бишімбаевтың адвокаты киімінде жазуы бар адамдарды сот залынан шығаруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Бишімбаевтың адвокаты "За Салтанат" және "Пожизненное" деген жазуы бар киім киген адамдарды сот залынан шығаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бишімбаевтың адвокаты "За Салтанат" және "Пожизненное" деген жазуы бар киім киген адамдарды сот залынан шығаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сотталушының адвокаты Ерлан Ғазымжанов өтініш білдірді.

"Сот залында киімінде "За Салтанат" және "Пожизненно" деген жазуы бар адамдар отыр, олар алқабилерге қарама-қарсы отырады және оларға әсер етуі мүмкін" - деді қорғаушы.

Өз кезегінде жәбірленуші тараптың адвокаттары адамдардың өз пікірін айтуға құқығы бар екенін және оларды сот залынан шығару олардың құқығын бұзатынын айтты. Прокурор мұнымен келісті.

Судья Айжан Құлбаева өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети