30 сәуір 2024 10:05

Екі қазақстандық 105 миллион теңге үшін 108 адамның атынан жалған құжат жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Жамбыл облысында 105 миллион теңге көлемінде бюджет қаражаты жымқырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысында 105 миллион теңге көлемінде бюджет қаражаты жымқырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру дерегін анықтады.

"Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығынын субсидиялауға бөлінген 105,3 миллион теңгені заңсыз алғаны анықталды", - деп жазылған хабарлаада.

30 наурызда аудан прокуратурасы алаяқтық дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен соталды тергеп-тексеруді тіркеді.

Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети