30 сәуір 2024 12:15

Қайрат Сатыбалдыұлының туысы уран кенішіндегі жымқыру ісімен қалай байланысты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бахтияр Байсеитов. Фото: fcordabasy.kz Бахтияр Байсеитов. Фото: fcordabasy.kz

Қайрат Сатыбалдыұлының туысы Бақтияр Байсейітов Қаратау уран кенішін (Түркістан облысы) жаңғырут кезіндегі ақша жымқыру ісі бойынша халықаралық іздеуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қайрат Сатыбалдыұлының туысы Бақтияр Байсейітов Қаратау уран кенішін (Түркістан облысы) жаңғырут кезіндегі ақша жымқыру ісі бойынша халықаралық іздеуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қаратау" ЖШС бұрынғы басшылығына ("Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ еншілес ұйымы), "Iri building" ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтағанын хабарлаған болатын. Мердігер 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 миллион теңгені жымқырды деп күдіктеліп отыр.

Антикор мәліметінше, "Iri building" ЖШС Қайрат Сатыбалдыұлының туысы Бақтияр Байсейітовтің бақылауындағы компания.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет суреті

Бақтияр Байсейітов 2022 жылдан бері Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы – "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру" бойынша халықаралық іздеуде болған. Сондай-ақ, Антикор оның қайда екені туралы ақпарат үшін сыйақы жариялады.

Еске салайық, 2022 жылдың наурыз айында Қайрат Сатыбалдыұлы шетелге ұшпақ болған жерінде ұсталған болатын. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети