30 сәуір 2024 09:07

ІІМ-нің бұрынғы басшысы Тұрғымбаев ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде ІІМ бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Антикор Tengrinews.kz сауалына жауап бермеді. Алайда редакцияның дереккөздері бұрынғы жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкерінің ұсталғанын растады.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевты және полиция органдарының басқа да басшыларын қылмыстық қудалау туралы түрлі телеграм-арналарда таратылған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

19 наурыздан бері БАҚ беттері мен телеграм арналар Ішкі істер министрін басқарған Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жарыса жаза бастаған болатын. Іс қаңтар оқиғасына қатысты екені айтылды.

Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді әлі де жалғастырып жатыр. Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталған.

Бас прокуратураның 20 наурыздағы мәліметі бойынша, жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер барысында Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан да жауап алынған. Осылайша Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты теріске шығарғандай болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети