30 сәуір 2024 16:13

"Самұрық-Қазына" жыл басынан бері 114 ерекше жанды жұмысқа қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылдың алғашқы үш айында "Самұрық-Қазына" АҚ тобындағы компанияларға 114 ерекше қажеттілігі бар азамат жұмысқа қабылданды. Бұл Қордың Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың тапсырмасымен жүзеге асуда. Сондай-ақ QSamruk.kz бос орындар платформасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы бөлім ашылып, оларға сұранысқа ие жұмыс орындары қолжетімді болды. Бұл жөнінде бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Қоғамдық кеңес отырысында хабарлады.

Сонымен бірге, бірыңғай қайырымдылық операторы "Samruk-Kazyna Trust" қоры арқылы биыл 180 мүмкіндігі шектеулі азаматты AI, No Code әзірлеуші, UI/UX+Web маманы сияқты цифрлық мамандықтарға оқыту жобасы басталады. Оқытудан тыс, жоба аясында қатысушыларға жұмысқа орналасуына жәрдем жасалады.

"Самұрық-Қазына" бүгінгі таңда өңірлерде көптеген оңалту орталықтарын ашып, ерекше қажеттілігі бар жандарды қолдауға бағытталған жобаларды іске асырып келеді. Алайда, біз оңалтудан өткен ерекше балалардың ары қарай болашағын ойлап, олардың қоғамда әлеуметтенуіне, еңбекпен қамтылуына да назар аударымыз керек деп ойлаймыз. Осы бағытта сұраныстағы кәсіптерге оқыту мен жұмысқа орналастыру бойынша бастамаларды қолға алып отырмыз", – деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Қоғамдық кеңес отырысында.

Сондай-ақ, инклюзиялық ортаны дамыту мен мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс істеуді жетілдіру үшін түрлі саладағы 100 маман арнайы оқытудан өткізіледі.

Samruk-Kazyna Trust ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети