02 мамыр 2024 11:10

Тағы бір резонанс тудырған сот тікелей эфирде көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: qamqor.gov.kz, видео кадры Фото: qamqor.gov.kz, видео кадры

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісінің соққыға жығылу дерегі бойынша сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы сотта мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісінің соққыға жығылу дерегі бойынша сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы сотта мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел жәрдем жүргізушісіне күш көрсетумен қатар, бұзақылық жасады деп айыпталып отырған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы бүгін, 2024 жылдың 2 мамырында сағат 11:00-де Қарағандыда өтеді", - делінген хабарламада.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-арнасынан көруге болады.

Еске салайық, жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл қаңтардың аяғында Қарағандыдағы Майқұдық аулаларының бірінде болған. Нұрболат Дәкебаев жүргізушіні бірнеше рет ұрған. Бұл оқиға видеоға түсіп қалып, желіде резонанс тудырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети