11 шілде 2014 10:53

Неймар мүгедектер арбасына таңыла жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барселонаның" және Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар футболдан ӘЧ-2014 ширек финалында Колумбия құрамасымен кездесу матчында алған жарақатынан мүгедек болып қала жаздады, деп хабарлайды Fottball-Italia


"Барселонаның" және Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар футболдан ӘЧ-2014 ширек финалында Колумбия құрамасымен кездесу матчында алған жарақатынан мүгедек болып қала жаздады, деп хабарлайды Fottball-Italia

Неймардың айтуынша, егер Хуан Суньиганың аяғы 2 сантиметрге төменірек тисе, оның мәңгілікке мүгедек болып қалуы мүмкін еді. "Хуан Суньига келесі күні хабарласып, кешірім сұрады. Мен оған ренжімеймін", - дейді Неймар. 

Сондай-ақ Неймар ӘЧ-2014 финалында Аргентина құрамасына жанкүйерлік ететінін айтты.  Оның ойынша, Лионель Месси әлем чемпионатында жеңіске жетуге лайық. "Мен оның досы әрі "Барселонадағы" командаласым ретінде Леоға және Хавьер Маскераноға жанкүйер боламын", деді футболшы. 

Естеріңізге сала кетейік, Неймар ӘЧ-2014 ширек финалында Колумбия құрамасымен ойын барысында жарақат алған болатын. Ойынның 88-минутында колумбиялық қорғаушы Хуан Суньига тізесімен Неймарды арқасынан соғып, оның үшінші беломыртқасын сындырып жіберген. Дәрігерлердің айтуынша, Бразилия құрамасының көшбасшысы жарақатынан толық жазылуы үшін 1,5 ай уақыт керек.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети