14 шілде 2014 10:23

Аргентинаның жеңілісі тәртіпсіздіктерге ұласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы Германиядан ұтылғаннан кейін Буэнос-Айрес қаласында тәртіпсіздіктер басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДВ-РОСС сайтына сілтеме жасап. 


Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы Германиядан ұтылғаннан кейін Буэнос-Айрес қаласында тәртіпсіздіктер басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДВ-РОСС сайтына сілтеме жасап. 

Қаладағы тәртіпсіздіктер кеше, шілденің 13-і күні түнде қала орталығында болды. Полицияның хабарлауынша, вандалдар жедел жәрдем және түсіру топтарының машиналарына тас ата бастады. Құқық қорғаушылар оларды көзден жас шығаратын газ бен су шашатын құрылғылармен тоқтатып, орталықтан ығыстыруға тырысты. Бүлікшілер болса, жол-жөнекей көше бойындағы дүкендерге де тас атып, бір театрдың шыныларын шағып кетті. Тәртіпсіздіктер кезінде жеті адам зардап шекті. 30-дан астам адам қамауға алынды. Шығынның нақты көлемі анықталып жатыр.   

Айта кетейік, Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатында Германия құрама командасы Аргентина командасын жеңіп, әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды. Кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталды. 15 минуттан тұратын қосымша екі тайымда немістер басымдығын дәлелдеді. Негізгі уақыттың 88-ші минутында Мирослав Клозенің орнына алаңға шыққан Марио Гетце ойынның 114-минутында аргентиналықтар қақпасынан саңылау тауып, жеңісті жалғыз голдың авторы атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети