24 шілде 2014 15:24

Норвегияда теракт болуы мүмкін екені ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Норвегия. ©REUTERS Норвегия. ©REUTERS

Норвегияда билік өкілдері таяу күндері елде теракт болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости


Норвегияда билік өкілдері таяу күндері елде теракт болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Біз алдағы күндері Норвегияға қарсы террорлық әрекеттер жоспарланып отырғаны туралы ақпарат алдық", - деп мәлімдеді баспасөз мәслихатында елдің қарсы барлау қызметінің басшысы Бенедикте Бьорнланд. Бұл лаңкестік әрекет Сириядағы экстремистік-исламистік топтың қатысуымен жасалуы мүмкін.

Бьорнландтың мәліметінше, арнайы қызметтер Норвегияда террорлық актілердің алдын алу үшін салмақты шараларды қолға алды. Әзірше лаңкестік кімге немесе қандай нысанға қарсы жасалуы мүмкін екені белгісіз. "Біздің қолымыздағы ақпараттың нақты бір тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысы жоқ. Біз сақтық шараларын күшейтеміз", - деді полиция басшысы Видар Рефвик.

Еске сала кетейік, Норвегияда ірі террорлық әрекет 2011 жылдың 22 шілдесінде болған еді. Андерс Брейвик Ослоның үкіметтік кварталында жарылыс ұйымдастырды. Оның салдарынан сегіз адам қайтыс болды, оған қоса, Брейвик жұмысшылар партиясының Утейя аралындағы жастар лагерінде қалың көпшілікке оқ жаудырды. Бұл зұлымдықтың салдарынан 69 адам опат болды. Норвег мергені 21 жылға бас бостандығынан айырылды, оның жаза өтеу мерзімі белгілі бір уақытқа тағы да ұзартылуы мүмкін.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети