06 қазан 2014 10:12

Бразилиядағы сайлау: Жаңа президент екінші кезеңде анықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аэсиу Нэвис пен Дилма Руссефф. ©АFP Аэсиу Нэвис пен Дилма Руссефф. ©АFP

Бразилиядағы сайлау: Сайлаушылар дауысының 98 пайызы есептелгеннен кейін елдің қазіргі президенті Дилма Руссефф пен социал-демократтардың өкілі Аэсиу Невис екінші кезеңге шықты, - деп хабарлайды РИА Новости елдің Жоғарғы сайлау трибуналына сілтеме жасап.

Елдің қазіргі президенті Дилма Руссефф 41,39 пайыз дауысқа (42 миллионнан астам сайлаушы) ие болды, ал Аэсиу Невис 33,78 дауысты иеленді. Сайлауға Бразилия Социалистік партиясының атынан қатысып жатқан Марина Силва 21,26 пайыз дауыс алды. Басқа үміткерлерге сайлаушылардың екі пайызынан азы дауыс берді. Бразилиядағы сайлаудың екінші кезеңі 26 қазанда өтеді.

Бразилияда 5 қазан күні жалпыға ортақ сайлау басталды. Ел тұрғындары жаңа президентті, сенаторлар мен депутаттарды және 27 штаттың губернаторын сайлады. Елде 18 бен 70 жас аралығындағы азаматтар үшін сайлауға қатысу міндетті. Дауыс беру барысында қауіпсіздікті 400 мың полицей мен әскери қамтамасыз етті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети