20 мамыр 2015 14:18

"Эйр Астана" Нью-Йоркке тікелей рейс ашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews © Тengrinews

"Эйр Астана" Нью-Йоркке тікелей рейс ашады. Мұндай талапты "100 нақты қадам" бағдарламасы аясында Нұрсұлтан Назарбаев қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Эйр Астана" Нью-Йоркке тікелей рейс ашады. Мұндай талапты "100 нақты қадам" бағдарламасы аясында Нұрсұлтан Назарбаев қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламада "Эйр Астана" мен "ҚТЖ" компанияларын халықаралық ірі операторлар ретінде дамыту қарастырылған.

"Эйр Астана" әлемнің ірі қаржы орталықтары болып саналатын Нью-Йорк, Токио, Сингапурға жаңа бағыт ашады. "Эйр Астананың" дамуы "ҚТЖ" балама бағытының даму жоспарымен қатар жүреді. Бұл жүкті тасымалдау құнын екі есеге дейін төмендетуі мүмкін", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, Алматы әуежайын әлемдік стандарттарға сай етіп қайта салу мәселесі де қарастырылды. 

Қазақстан арқылы өтетін авиатранзитті ұлғайту үшін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру мақсаты қойылды. Азаматтық авиация комитетінің қызметі Ұлыбритания азаматтық авиация комитеті мен ЕО авиация қауіпсіздігі агенттігінің моделіне сай жүзеге асады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети