27 қыркүйек 2015 22:43

Назарбаев "11 қыркүйек" Ұлттық мемориалына гүл шоғын қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорктегі "11 қыркүйек" Ұлттық мемориалына гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорктегі "11 қыркүйек" Ұлттық мемориалына гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы 2001 жылы қаза тапқандарды еске алу үшін салынған мемориалға гүл шоғын қойды, 2001 жылғы қайғылы оқиға кезінде Қазақстан азаматы Жанетта Цой қаза тапқан", - деп хабарланды Президенттің баспасөз қызметінің сайтында.

Айта кетейік, Дүниежүзілік сауда орталығының қирандыларының территориясында мемориалдың құрылысы 2011 жылы аяқталған болатын. Еске салайық, "11 қыркүйек" оқиғасы 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларында болды. Лаңкестік шабуылдардан 3 мыңнан аса адам қаза тапты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети