09 қаңтар 2016 11:33

"Астана Опера" солисі "Дон Жуанның" Италияда өтетін алғашқы қойылымында өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Астана Опера" театрының баспасөз қызметі © "Астана Опера" театрының баспасөз қызметі

Қазақстанның опера әртісі Әлфия Кәрімова "Дон Жуанның" Италияда өтетін алғашқы қойылымында өнер көрсетеді. 31 қаңтарда және 2, 6 ақпанда әртіс "Карло Феличе" театрында Донна Анна партиясын орындайды, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі "Астана Операның" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлфия Кәрімова 

Қойылымда Дон Жуан партиясын Микеле Патти орындайды. Қазіргі уақытта қазақстандық әнші жұмысына кірісті. Әлфия бұл рольді алғаш орындайтындықтан қобалжу бар екенін айтты. "Моцартты шырқау өте күрделі, мұнда дауыстың ырғақтала төгілуі, аспаптарға ілесе алуы, екпінді игеру, вокал позициясын дәл қою және жүз пайыз дауысты игере алу сияқты шеберлік қажет, - деді Әлфия Кәрімова.

Қоюшы Розетта Куккидің нұсқасына сәйкес опера желісі 1980 жылдардағы Америкаға ауыстырылған. Ең инновациялық операның заманауи режиссерлерінің жарқын да батыл спектаклі аса көрнекі әсер береді. Дон Жуан - сәнқой бардың жұлдызы, сондықтан ол айналасындағы әрбір әйелдің жүрегін жаулауға тырысады. Әлфия Кәрімованың кейіпкері Донна Анна әйелқұмар Дон Жуанды еліктірген талғампаз бикеш. Қойылым қызықты идеяларға толы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети